homepage
Фото: видеодан алынған кадр

Асқар Жұмаділдаев «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды

26.02.2026, 15:01

Белгілі математик Асқар Жұмаділдаев «Еңбек ардагері» медалін алды. Марапатты оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында табыстады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Медаль ғалымға ғылым мен білім саласына қосқан үлесі үшін берілген. Асқар Жұмаділдаев көп жылдар бойы жоғары оқу орындарында дәріс оқып, отандық математиканың дамуына еңбек сіңіріп келеді.

Бұған дейін кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов 70 жасқа толған ғалымға Hyundai Palisade автокөлігін сыйға тартқан болатын.