“Мәселен, қазіргі уақытта мемлекеттік сатқындық және билікті басып алуға әрекет жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан бұрынғы Премьер-министр және ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов жазбаларда кемінде 8 рет аталады. Жазбалардан Эпштейн мен Мәсімовтің жеке таныс болғаны байқалады. Көптеген сұрақ туындайды. Неліктен жоғары лауазымды қазақстандық шенеунік Эпштейнмен кездесуге бастамашылық жасап, онымен жолыққан? Бұл кездесулер қай жерде өтті? Сол атақты аралда емес пе? Мұнан бөлек, жарияланған құжаттардан Эпштейннің Қазақстанға бірнеше рет келгені белгілі болып отыр.
Қазақстанның жоғары лауазымды шенеуніктерінің мұндай тұлғамен кез келген байланысы бірқатар сұрақ туындатады. Джеффри Эпштейн Қазақстанға қандай мақсатпен жиі келген? Сол кезеңдегі қандай жоғары лауазымды тұлғалармен байланыста болған? Құпия ақпараттың сыртқа кетуіне жол берілді ме? Мемлекеттік шешімдер қабылдаған тұлғаларға сыртқы ықпал ету арналары жасалмады ма? Оларға қатысты әшкерелейтін материалдар жиналмады ма? Қазақстандық шенеуніктердің Эпштейнмен байланыстары сол кездегі ел басшылығы тарапынан рұқсат етілді ме? Қазақстан азаматтары ел тағдыры кімдердің қолында болғанын және оның күмәнді беделге ие жабық клубтарда сауда нысанына айналмағанын білуге құқылы”.
Асхат Рахымжанов, Мәжіліс депутаты