homepage
Фото: ашық дереккөзден/көрнекі сурет

Қазақстан зейнеткерлерге қолайлы елдер арасында нешінші орынға тұрақтады?

26.02.2026, 14:01

U.S. News & World Report сарапшылары жасаған зейнеткерлік өмір сапасы бойынша жаһандық рейтингте Қазақстан 89 елдің ішінде 77-орынды иеленді. Елден төмен орындарда негізінен экономикалық және әлеуметтік ахуалы күрделі мемлекеттер орналасқан, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Салыстыру үшін айтсақ, Гана 75-орында, Гондурас 63-орында тұр. Аймақтағы бірқатар мемлекеттердің көрсеткіші де төмен: Әзербайжан – 81, Өзбекстан – 84, Украина – 85, Беларусь – 87, Ресей – 89-орында. Ал алғашқы ондыққа Еуропаның дамыған елдері, сондай-ақ Жаңа Зеландия, Австралия және Канада кірген.

Зерттеу шамамен 17 мың адамның сауалнамасына негізделген. Негізгі орындар 40–50 жас аралығындағы 5,9 мыңға жуық респонденттің бағалауымен анықталған. Елдер өмір сүру құны, денсаулық сақтау жүйесі, салық жүктемесі және климатты қоса алғанда жеті өлшем бойынша бағаланған.

2026 жылғы 1 ақпандағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 2 млн 538 мың зейнеткер бар. Орташа жиынтық зейнетақы көлемі 157 843 теңге.