Биыл республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының 11 мың шақырымнан астамы құрылыс және жөндеу жобаларымен қамтылады деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бұл жаңа жол салуды, сондай-ақ қолданыстағы желіні қайта жаңғырту, күрделі және орташа жөндеуді қамтиды.
Көлік министрлігінің мәліметінше, «Орталық – Батыс», «Қарағанды – Жезқазған», «Сарыағаш қаласын айналып өту жолы» секілді стратегиялық бағыттарда жұмыс күшейтіледі. Бұл жобалар өңірлер арасындағы көлік байланысын жақсартуға және елдің транзиттік әлеуетін арттырмақ.