homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Жүргізуші куәлігін ауыстыру тәсілі өзгерді

26.02.2026, 12:40

Сәуірден бастап қазақстандықтар жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткен жағдайда да оны онлайн форматта ауыстыра алады. Қызмет eGov.kz порталы мен eGov Mobile қосымшасы арқылы көрсетіледі, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бұған дейін онлайн ауыстыру тек жарамды құжат болғанда, сондай-ақ куәлік жоғалған, ұрланған немесе аты-жөні өзгерген жағдайда ғана мүмкін еді. Жасанды интеллект министрлігінің мәліметінше, енді жаңа тәртіп жүргізуші куәлігінің барлық санатына қатысты қолданылады.

Мерзімі өткен құжатты ауыстыру үшін міндетті түрде медициналық тексеруден өту қажет. Тексеруден өткен азаматтардың деректері өтінім беру кезінде мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде алынады. Егер куәлік мерзімі аяқталмай тұрып алдын ала ауыстырылса, медициналық анықтама талап етілмейді.