2026 жылғы 15 сәуір мен 31 мамыр аралығында Астана әуежайында ұшу-қону жолағы күн сайын сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жабылады. Осыған байланысты Air Astana рейстер кестесіне өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Шектеу Астанадан Алматы, Қостанай, Өскемен, Атырау және Ақтөбе бағыттарына орындалатын ішкі рейстерге әсер етеді. Сонымен қатар Сеул, Франкфурт, Бейжің, Ташкент, Дубай, Фукуок, Нячанг және Ыстанбұл бағыттарындағы халықаралық тұрақты рейстердің уақыты да өзгереді.
Әуе компаниясы жолаушыларға билет сатып алу кезінде көрсетілген байланыс нөмірлері мен электрондық поштасы арқылы хабарлама жіберіп жатқанын мәлімдеді. Жолаушылар рейс мәртебесін help.airastana.com сайты арқылы немесе +7 727 244 4477, +7 702 702 4477, +7 727 244 4478 нөмірлері арқылы анықтай алады. Сондай-ақ +7 702 702 0074 WhatsApp желісі де қолжетімді.