Ұлттық қауіпсіздік комитеті халықаралық арна арқылы жеткізілген есірткі партиясының жолы кесілгенін мәлімдеді. 2026 жылдың қаңтарында комитет шет мемлекеттің арнайы органдарымен бірлесіп операция жүргізген, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Операция нәтижесінде Алматы қаласында 8 келі синтетикалық «метамфетамин» затын алу сәтінде Қазақстан азаматы қолға түсті. Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған бап есірткі және психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау және тасымалдау әрекеттерін қамтиды.
Сот шешімімен күдіктіге қамауға алынды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеуге қатысты өзге мәліметтер жария етілмейді.
Бұған дейін Алматыда психотроптық заттарды аса ірі көлемде дайындап, өткізумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленген болатын.