homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Аязды ақпан - онлайн оқу

26.02.2026, 10:03

26 ақпанда ауа райының күрт суытуына байланысты Қазақстанның бірқатар аймағында мектептер мен колледждерде сабақтар қашықтан өтеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Павлодар облысында бірінші ауысымдағы 1–11 сынып оқушылары және 9-сынып базасында білім алып жатқан колледждердің 1–2 курс студенттері онлайн форматқа ауыстырылды. Семей қаласында да бірінші ауысымдағы 1–11 сынып оқушылары мен колледждердің I–II курс студенттері үйден оқиды.

Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы -40 градусқа дейін төмендеуіне байланысты 0–11 сынып оқушыларының, яғни бірінші және екінші ауысымдағы барлық сыныптардың сабақтары қашықтан ұйымдастырылды. Бұған дейін, 25 ақпанда да елдің солтүстік және шығыс өңірлеріндегі мектептер мен колледждерде оқу үдерісі аязға байланысты онлайн форматта өткен.

Астанада да 26 ақпанда оқушылар қашықтан білім алады.