homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Мелания Трамптың жаңа тұғыры

26.02.2026, 11:06

2026 жылғы наурызда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық ету кезегі АҚШ-қа өтеді және сол айда өтетін отырыстардың бірін АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамп жүргізеді. Бұл туралы CNN телеарнасы хабарлады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бірінші ханымның кеңсесі таратқан мәліметке сәйкес, Мелания Трамптың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің тарихында алғаш рет АҚШ-тың бірінші ханымы отырысты басқарады. Жиында білім беру, технология, бейбітшілік және қауіпсіздік мәселелері талқыланады. Отырыс 2 наурыз күні Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде өтеді.

Кездесуге АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі Майк Уолц, Қауіпсіздік кеңесіне мүше мемлекеттердің өкілдері және халықаралық ұйымдар қатысады. Талқылау тақырыбы – «Жанжал жағдайындағы балалар, технологиялар және білім беру мәселелері».

Мелания Трамп бұған дейін Ресей мен Украина арасындағы соғыс салдарынан зардап шеккен балалардың тағдырына алаңдайтынын бірнеше рет мәлімдеген. Жуырда ол украиналық балалар мен бір ресейлік баланың бостандыққа шығып, отбасыларымен қауышқанын хабарлаған. Сонымен қатар, бұған дейін Ресей президенті Владимир Путинге хат жолдағаны белгілі.