homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Астанада аяз күшейеді

25.02.2026, 17:23

Синоптиктер 26–28 ақпан аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады. Астанада аяздың беті қайтпайды, Алматыда қар жауады. 

26 ақпанда Астана аспанын бұлт торлап, шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы –24…–26 градус, күндіз –17…–19 градус болады. Ал, 27 ақпанда түнде –29…–31 градусқа дейін суытып, күндіз –18…–20 градус болса, 28 ақпанда түнде –27…–29, күндіз –15…–17 градус шамасында суық болады. 

Алматыда 26 ақпанда қар жауып, жаңбыр да жаууы мүмкін. Тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде –1…–3, күндіз 0…+2 градус. 27 ақпанда қар үдей түседі деп хабарлайды синоптиктер. Түнде және күндіз –3…–5 градус, кейін температура төмендейді. 28 ақпанда да бұлтты, кей уақытта қар жауып, тұман түсуі мүмкін. Түнде –7…–9, күндіз –3…–5 градус болады.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде аязды антициклон ықпалы сақталады. Оңтүстік өңірлерде жауын-шашын күшейіп, температура төмендейді.