homepage
Фото: ІІМ баспасөз қызметі

Аула – қауіпсіздік басталатын орта

25.02.2026, 17:05

«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Астананың Әкімшілік полициясы пәтер иелерінің кооперативі және мүлік иелерінің бірлестігі төрағаларымен кеңейтілген кездесу өткізді. 

Іс-шара «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңның күшіне енуіне байланысты ұйымдастырылып, көпқабатты тұрғын үйлер аумағында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге арналды.

Аула – қауіпсіздік басталатын орта. Ол жерде күн сайын балалар ойнайды, қарттар серуендейді, отбасымен уақыт өткізеді. Сондықтан аулада жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алуда полиция мен ПИК, МИБ төрағалары арасындағы тиімді ынтымақтастық маңызды.

Кездесу барысында жаңа заңның қағидалары түсіндірілді. Оған сәйкес ПИК, МИБ төрағалары құқық бұзушылықтың алдын алу мәртебесіне ие болмақ, сондай-ақ олардың құқықтары мен міндеттері айқындалады. Бірлескен жұмыстың тетіктері, ақпарат алмасу және тұрғындардың өтініштеріне жедел әрекет ету мәселелері талқыланды.

Қатысушылар өз ұсыныстарын білдіріп, сұрақтарын қойды. Соның бірі, тұрғындар аулада көліктерін, жеке мүліктерін бей-берекет қалдырып кетеді, осылайша ауланы тазалау кезінде қиындықтар тудырады. Бұл мәселе бойынша жуық арада ортақ шеші шығарылмақ.