Мемлекеттік қызмет істері агенттігі білім және ғылым саласындағы біраз былықтың бетін ашты. Ғылыми жобаларды іріктеу және жүзеге асыру кезінде 11,5 млрд теңгенің дұрыс жұмсалмағаны анықталды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Сарапшы ретінде тартылған 13,5 мың қызметкердің 75% іс жүзінде жұмысқа мүлдем қатыспаған. Сондай-ақ, еңбекақы төлеудегі теңгерімсіздіктер де анықталды. Мысалы, шетелдік мамандарға шамамен 400 мың теңге төленсе, отандық сарапшылар 8 мың 500 теңге ғана алып келген. Салалық министрлік еңбекақы төлеудің бірыңғай тәсілін енгізгенін хабарлады.
Сондай-ақ, енді өз ісіне салғырт қараған сарапшылар мен ғылыми жоба жетекшілерінің арнайы тізімі пайда болмақ. Бұл тізімге енген қызметкерлер конкурстарға жіберілмейді.
Мектеп жүйесінде де заңбұзышылықтар жетерлік. 2 966 мектепте оқушылардың санын әдейң көбейтіп көрсеткен. Осылайша жоқ оқушыларға қаржы алып келген.