25 ақпанда Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 501,26 теңгеге жетті. Осылайша, валюта бағамы қайтадан 500 теңгелік межеден жоғары көтерілді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Қазақстан қор биржасының дерегіне сәйкес, доллар бір күнде 4,02 теңгеге қымбаттаған. Ал Ұлттық банктің 25 ақпанға белгілеген ресми бағамы – 496,85 теңге.
kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының айырбастау пунктерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 500,97 теңге, сату бағамы 504,37 теңге. Астанада сатып алу бағамы шамамен 497,00 теңге болса, сату бағамы 504,00 теңге.
Еске салайық, 23 қаңтарда Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдап, оны 18 пайыз деңгейінде қалдырған еді. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, бұл көрсеткіш алдағы алты ай бойы сақталуы мүмкін. Мұндай қадам инфляциялық қысымды тежеу және бағаның өсу қарқынын баяулату мақсатында қабылданған. Егер бұл шаралар жеткіліксіз болса, Ұлттық банк ақша-несие саясатын одан әрі қатаңдатуға дайын екенін мәлімдеді.