Ауғанстанда жаңа қылмыстық кодекс күшіне енді. Оған сай енді ер азаматтар әйелі мен баласын ұрып-соға алады. Тек оның бұл әрекеті ашық тән жарақатына әкеп соқпаса болғаны, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Британдық Telegraph басылымы құжаттың 60 беттен тұратынын және оған Талибан жетекшісі, Ауғанстан Ислам Әмірлігінің іс жүзіндегі басшысы Хайбатулла Ахундзада қол қойғанын хабарлады. Құжатта, сонымен қатар, ауыр дене жарақатын салғаны үшін ең көбі 15 тәулікке қамау жазасы қарастырылған. Енді күйеуінің рұқсатынсыз ата-анасының үйіне кеткен әйел 3 айға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Егер оған туыстары көмектессе немесе паналатса, олар да дәл осындай жазаға тартылады. Заңға сәйкес, әкесі 10 жасқа толған баласын тәрбиелеу мақсатында ұрып-соғуға құқылы деп жазылған.
Тәліптер 2001 жылы АҚШ-тың әскери операциясына соң биліктен кеткен болатын. Содан кейін ауғандық әйелдер мен қыздарға білам алуға рұқсат беріліп, 2009 жылы үкімет әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою туралы (EVAW) заң да қабылдаған. Алайда, 2021 жылы тәліптер қайта билікке келгелі елдегі нәзік жандылардың құқығын таптайтын ондаған заң қабылданған.