Мәжіліс депутаты Асхат Рахымжанов Бас прокурор мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасына депутаттық сауал жолдап, қазақстандық жоғары лауазымды тұлғалардың Джеффри Эпштейнмен байланысы туралы ақпаратты тексеруді талап етті. Бұл туралы депутат Мәжіліс отырысында айтты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
«Мысалы, бұрынғы премьер-министр әрі ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов, қазіргі уақытта мемлекетке опасыздық жасау және билікті басып алуға әрекеттену бойынша жазасын өтеп жатқан тұлға, жазбаларда кемінде 8 рет аталады. Жазбалардан Эпштейн мен Мәсімовтің жеке таныс болғаны тікелей байқалады», – деді депутат.
Тағы бір мысал:
«Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының назарын Эпштейн мен Қайрат Келімбетовтің Нью-Йоркте бірге демалғаны туралы дерек аудартты. Еске салайын, бұған дейін Қ.Келімбетов премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарып, Ұлттық банкті басқарған. Тағы да сұрақ туындайды – Келімбетовке бұл кездесулер не үшін қажет болды? Әлде бұл кездесулерді өз мүддесіне Эпштейн өзі бастамашы болды ма?» – делінген депутаттық сауалда.
Депутаттың айтуынша, халықаралық тәжірибе мұндай дауларды назардан тыс қалдырмайды.
«Жетекші демократиялық мемлекеттер бұл іске қатысы бар тұлғаларға қатысты парламенттік тергеу бастап, қылмыстық қудалау шараларын қолға алып жатыр. Бұл мәселені жабулы күйде қалдыруға болмайды», – деді Асхат Рахимжанов.
Депутат сөзінше, қазақстандықтар «ел тағдыры кімнің қолында болғанын және ол күмәнді жабық клубтарда сауда нысанына айналмағанын білуге құқылы». Осыған байланысты ол құқық қорғау және арнайы органдардан аталған деректерге құқықтық баға беруді сұрады.