homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Атыраулық отбасының ісі: кенже қыз да күдікті

25.02.2026, 13:00

Атырау облысында әуелде жоғалды деп танылып, кейін мүрдесі табылған ерлі-зайыптылардың өліміне олардың кенже қызының да қатысы болуы мүмкін. Әуелде күдікті тек күйеу баласы деп танылып, олар халықаралық іздеуге жарияланған болатын. Екеуі Индонезияда ұсталды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің айтуынша, күдіктілер – отбасының күйеу баласы Сұлтан Сәрсемалиев пен кіші қызы Ақбаян Мұқанғалиева қолға түскен. Қазір оларды Қазақстанға жеткізу мәселесі шешіліп жатыр.

«Күдіктілер кеше ғана Индонезияда ұсталды. Қазір оларды елге алып келу мәселесі шешіліп жатыр. Тергеу амалдары белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тиісті шаралар қабылданды. Халықаралық іздеу жарияланған кезде Интерпол қызметкерлері мен Қазақстан полициясы бірлесіп, арнайы топ құрды. Топтың жұмысының нәтижесінде екі күдікті ұсталды. Екеуі де күдікті деп танылған», – деді Санжар Әділов.

Министр орынбасары тергеу аяқталғаннан кейін толық ақпарат берілетінін мәлімдеді.

Еске салайық, 2025 жылғы 25 желтоқсанда Атырау облысында бір отбасының төрт мүшесі із-түссіз жоғалып, полиция іздеу жариялаған. Кейін бұл іске отбасының қызы мен күйеу баласының да қатысы болуы мүмкін екені айтылған.