homepage
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

«Проблемалық кредиттер қорының» экс-төрағасы ұсталды

25.02.2026, 11:37

Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Проблемалық кредиттер қорының» бұрынғы басқарма төрағасын лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды деген күдікпен ұстады. Тергеу материалдарына сәйкес, ол мемлекетке 11,4 млрд теңге көлемінде залал келтірген деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Сонымен қатар мемлекеттік мүлікті төмен бағамен сату салдарынан бюджетке 1,3 млрд теңгеден астам қаражат түспей қалғаны анықталған. Құжаттарды қолдан жасау арқылы кепілге қойылған жер телімдерін сатып, қорға 800 млн теңге көлемінде залал келтірген борышкер компанияның меншік иесі мен оның сыбайластары да ұсталды.

«Сотсанкциясымен олар Қылмыстық кодекстің 190 және 361-баптары бойынша қамауға алынып, мүлікке тыйым салынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – деді ҰҚК баспасөз қызметі.