Париждегі әйгілі Лувр музейінің директоры Лоранс де Карс қызметінен кетті. Ол отставкаға кету туралы өтінішін Франция президенті Эммануэль Макронға жолдап, мемлекет басшысы бұл шешімді қабылдады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Елисей сарайының баспасөз қызметі президенттің сөзін тікелей келтірді:
“Мен бұл шешімді қолдаймын. Әлемдегі ең үлкен музейге дәл қазір тыныштық пен жаңа серпін қажет. Алда қауіпсіздік, жаңғырту және “Лувр – Жаңа өрлеу” жобасы бойынша ауқымды жұмыс тұр”.
Эммануэль Макрон Лоранс де Карсқа музей ісіне адалдығы үшін алғыс білдірді. Бұған дейін ол 2025 жылы Луврда болған ұрлықтан кейін қызметінен кетуге талпыныс жасаған. Алайда сол кезде Францияның мәдениет министрі Рашида Дати өтінішін қабылдамаған. Кейін әкімшілік тексеру жүргізіліп, қауіпсіздік жүйесінен елеулі ақаулар анықталған.
Естеріңізге сала өтсек, 19 қазанда төрт адам жеті минут ішінде музейді тонап кеткен еді. Қарақшылар Наполеон Бонапарт пен француз монархтарына тиесілі асыл тастар мен әшекей бұйымдарды алып кеткен. Кейін күдіктілер ұсталды, олардың арасында музей қызметкерлері де болғаны белгілі болды.