homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Бірнеше өңірде оқушылар қашықтан оқиды

25.02.2026, 09:00

Қостанайда 25 ақпанда мектепалды даярлық сыныптары мен 1–9 сыныптың бірінші ауысымдағы оқушылары қашықтан оқиды. Мұндай шешім ауа райының күрт нашарлауына байланысты қабылданды деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бұл туралы «Наш Костанай» Telegram-арнасы хабарлаған. Синоптиктердің мәліметінше, сәрсенбі күні таңертең Қостанайда ауа температурасы -28 градусқа дейін төмендеген.

Сондай-ақ Өскеменде 0–4 сыныптардың бірінші және екінші ауысымдағы оқушылары онлайн форматқа көшірілді. Қалада таңертең -29 градус аяз тіркелген.

«Қазгидромет» Өскемен, Риддер және Семей тұрғындарына ауа райының қолайсыздығы туралы ескерту жасады.

Бұған дейін Павлодар облысы мен Семейде мектеп оқушылары және колледждердің 1–2 курс студенттері қатты аязға байланысты қашықтан оқуға жіберілетіні хабарланған еді. Астанада да 0–9 сыныптардың бірінші ауысым оқушылары осы күні онлайн форматта білім алады.