homepage
Фото: видеодан алынған кадр

Иранда тікұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты

24.02.2026, 17:48

Иранның орталық бөлігіндегі Исфахан провинциясында тікұшақ құлап, екі адам мерт болды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Tasnim агенттігінің мәліметінше, оқиға Хомейнишахр қаласына жақын орналасқан Дорче елді мекенінде болған.

Алдын ала дерекке сәйкес, тікұшақ қала маңындағы бау-бақша аумағына құлаған. Апаттың себептері анықталып жатыр.