homepage
Фото: sk.news

Үкімет Каспийді зерттеуге 1,1 млрд теңге бөлді

24.02.2026, 16:39

Үкімет резервінен «Каспий теңізі Қазақ ғылыми-зерттеу институтына» 1,1 млрд теңге бөлінді. Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бөлінген қаражат институттың ғылыми мүмкіндігін арттыруға бағытталған. Ақша теңізде тұрақты бақылау жүргізуге қажет негізгі құрал-жабдықтарды алуға, сондай-ақ гидробиологиялық және гидрохимиялық зертханаларды жаңартуға жұмсалады. Бұл Каспийдің қазақстандық бөлігінде жүріп жатқан үдерістерді өзіміз зерттеп, нақты дерекке сүйенген ғылыми қор қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Қазір институт Каспийді қорғау бойынша нақты шаралар әзірлеу үшін халықаралық ғылыми ортаға белсенді түрде кірігіп жатыр. Ол Каспий маңындағы елдердің жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарының қауымдастығына мүше болған.