homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Алматыда ертең дабыл қағылады

24.02.2026, 16:01

25 ақпан күні сағат 11:00-де Алматыда «Көктем – 2026» республикалық оқу-жаттығуы аясында халықты құлақтандыру жүйесі тексеріледі. Осыған байланысты қала аумағында сиреналар қысқа уақытқа қосылып, теле және радиоарналар арқылы сынақ хабарламасы беріледі, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

«Сонымен қатар «Баршаның назарына!» дабылы бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында 25 ақпанда сағат 11.00-де еліміздің өңірлеріндегі барлық сирена-сөйлеу қондырғылары мен электрсиреналар қосылады. Осыған орай тыныштық сақтап, үрейге бой алдырмауларыңызды сұраймыз», – делінген хабарламада.