Қазақстанның Ядролық физика институты мен Мәскеу инженерлік-физикалық институты Ұлттық зерттеу ядролық университетінің Алматыдағы филиалы әріптестік туралы меморандумға қол қойды. Құжат атом энергетикасы саласына қажет мамандарды бірлесіп даярлауға бағытталған, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Келісімге сәйкес, тараптар ядролық энергетика бойынша оқу бағдарламаларын кеңейтеді, ғылыми зерттеулерді күшейтеді және студенттер мен оқытушыларды ортақ жобаларға тартады. Сонымен қатар зертханалар мен оқу инфрақұрылымын дамыту көзделіп отыр. Ресейлік тараптың түсіндіруінше, Алматыдағы филиал болашақта Қазақстанның атом саласы үшін негізгі білім орталығына айналуы тиіс.
Мәскеу инженерлік-физикалық институтының Алматыдағы бөлімшесі 2022 жылы ашылған. Онда «Ядролық физика және технология» және «Информатика және есептеу техникасы» бағыттары бойынша мамандар даярланады.
Қазақстан алдағы жылдары ел аумағында үш атом электр станциясын салуды жоспарлап отыр. Соның бірі – Балқаш маңында бой көтеретін станция, оны «Росатом» корпорациясы салмақ.