homepage
Фото: ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Министр еттің «нақты» бағасын атады

24.02.2026, 15:15

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров брифингте еттің шынайы құны туралы пікір білдіріп, фермерлер айтқан 10–12 мың теңге шамасындағы бағаны негізсіз деп атады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Үкіметтегі баспасөз жиынында журналистер министрден шаруалардың «ет бағасы 10–12 мың теңге болуы керек» деген мәлімдемесіне түсініктеме беруді сұраған. Сапаровтың айтуынша, мұндай баға фермерлердің мал шаруашылығын тез дамытқысы келетін ниетінен туындайды.

«Бүгінде экспорттық баға еттің санатына қарай 4,5–6 мың теңге аралығында», – деді Айдарбек Сапаров.

Министрдің сөзінше, ішкі нарықтағы баға бұдан төмен. Тірі  малдың бір келісі 1,6–1,8 мың теңге шамасында, орта есеппен 1,7 мың теңге болады. Ал оны етке шаққанда, бір келінің құны шамамен 3–4 мың теңге аралығында қалыптасады.