Украина президенті Владимир Зеленский Киевтегі Банковая көшесінде орналасқан жерасты бункерін алғаш рет көпшілікке көрсетті. Бейнежазбада оның жұмыс істейтін және әуе дабылы кезінде түсетін паналау орны бейнеленген, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Мәліметке сәйкес, бұл жерасты қорғаныс нысаны Кеңес Одағы кезеңінде ядролық соғыс қаупіне байланысты салынған. Бункерде толық инженерлік желілер тартылған, тұрақты жұмыс істеуге бейімделген. Жерасты кешенінде Украина Жоғарғы радасының аппараты мен Министрлер кабинеті басшылығы да орналасқаны байқалады.


«Мен екі жыл бункерде тұрдым, сол жерде қондым, бірақ кеңседе жұмыс істедім. Қазір түнгі әуе дабылы кезінде сонда түсемін», – деген ол бұған дейін берген сұхбатында.
Жарияланған бейне ел басшылығының соғыс жағдайындағы жұмыс тәртібін және қауіпсіздік шараларын көрсетеді.