homepage

Грузияда тау-шаңғы курортында 12 адамның денесі табылды

Juzmedia. kz
15.12.2024, 16:19

Грузияның Гудаури тау шаңғы курортындағы үнді мейрамханасында 12 адамның денесі табылды, деп хабарлайды деп хабарлайды Juzmedia.kz.

БӘРІ МЕЙРАМХАНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ БОЛҒАН

NewsGeorgia басылымының хабарлауынша, қайтыс болғандардың 11-і Үндістан азаматы болса, біреуі Грузия азаматы болған. Белгілі болғандай, олар сол жерде жұмыс істеп, екінші қабатта тұрған.

Жұмысшылар тұратын бөлмелердің жанында, жабық бөлмеде генератор жұмыс істегені белгілі болды. Ол бір күн бұрын, электр қуаты өшіп қалған соң қосылған.

ӨЛІМГЕ НЕ СЕБЕП БОЛҒАН

Адамдар өлімінің ықтимал себебі – жазатайым оқиға. Мәйіттерде зорлық-зомбылық белгілері байқалмаған.

Өлімнің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.

«Аталған дерекке фактіге байланысты жедел-іздестіру шаралары белсенді жүргізілуде, оқиға орнында сот-медициналық сарапшылар жұмыс істеп, өзге қызметкерлерден жауап алынып жатыр», - делінген хабарламада.

Қазіргі кезде Грузия Қылмыстық кодексінің 116-бабы «Абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру» бойынша тергеу басталды.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.