homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Атырауда ВИЧ жұқтырған екі адам интимдік қызмет көрсеткен

24.02.2026, 12:19

Атырауда өзінде адамның иммун тапшылығы вирусы (ВИЧ) бар екенін біле тұра, ақылы интимдік қызмет көрсеткен екі азамат ұсталды. Қазір олар уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Жергілікті полицияның мәліметінше, 23 және 28 жастағы екі азамат АИТВ инфекциясы бойынша арнайы медициналық есепте тұрған. Соған қарамастан олар 2025 жылдың желтоқсан айынан бастап транс тұлғалар ретінде ақылы интимдік қызмет көрсеткен.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазақстан заңнамасына сәйкес, мұндай әрекет үшін 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Полиция қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын, сондай-ақ ықтимал жәбірленушілерді анықтап жатқанын хабарлады.