Германияның Lufthansa әуе компаниясы 29 наурыздан бастап Қазақстан бағытындағы тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіреді. Тасымалдаушы Франкфурт-на-Майнеден Алматы мен Астанаға рейстерді қайта іске қосады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Әуе қатынасы Еуропа және Солтүстік Америка қалаларына одан әрі түйісу мүмкіндігімен ұшудың нұсқалары көбірек болсын деген мақсатпен, әрбір қаладан тікелей рейстерді, сондай-ақ Алматы мен Астанаға аралық отырғызуды ұсына отырып, шеңберлік қағидат бойынша жүзеге асырылады, – делінген ресми хабарламада.
Рейстер Airbus A340-300 әуе кемесімен орындалады. Ұшақта толық жатқызылатын креслолары бар бизнес-класс, жайлылығы арттырылған премиум-эконом және эконом-класс қарастырылған. Барлық жолаушыға тамақ пен сусын ұсынылады, жеке монитор арқылы ойын-сауық бағдарламалары көрсетіледі. Сондай-ақ FlyNet интернеті қолжетімді.
Еске салайық, Lufthansa 2025 жылғы 26 қазаннан 2026 жылғы 29 наурызға дейін Қазақстанға рейстерді уақытша тоқтатқан болатын.