homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

24-26 ақпанға арналған ауа-райы болжамы

24.02.2026, 10:00

Синоптиктер 24–26 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері Астанада қатты аяз сақталса, Алматыда қар мен көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Астанада 24 ақпанда жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы -29-31 градусқа дейін төмендеп, күндіз -18-20 градус болады. 25 ақпанда түнде -24-26, күндіз -15-17 градус күтіледі. 26 ақпанда түнгі температура -22-24, күндіз -16-18 градус шамасында болады. Барлық күндері жауын-шашынсыз, шығыстан жел соғады.

Алматыда 24 ақпанда түнде қар жауып, күндіз де негізінен қар түріндегі жауын-шашын түседі. Тұман мен көктайғақ күтіледі. Түнде -3-5, күндіз 0+2 градус болады. 25 ақпанда да қар жауып, жолдарда мұз қатуы мүмкін. Температура түнде -5-7, күндіз +2+4 градус. 26 ақпанда бұлтты болып, кей жерлерде қар күшейеді. Ауа температурасы түнде -3-5, күндіз +2+4 градус шамасында сақталады.

Синоптиктердің мәліметінше, ел аумағына солтүстік-батыстан суық антициклон әсер етеді. Арктикалық суық ауа массаларының келуіне байланысты температураның күрт төмендеуі күтіледі, ал оңтүстік өңірлерде жауын-шашын болуы мүмкін.