homepage
Фото: Olympic.kz

Бір алтынның арқасы: 19 - місе тұтатын көрсеткіш пе?

23.02.2026, 17:36

22 ақпанда Италияда өткен қысқы Олимпиада ойындары аяқталды. Қазақстан құрамасы небәрі бір медальмен елге оралмақ. Қазақстан жалпы есепте 19-орынға тұрақтады, бірі бұл көрсеткішті місе тұтып жатыр, ал енді бірі 13,3 млрд теңге жұмсалған ойындар үшін бұл қып-қызыл шығын деп шамдануда, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Қалай дегенмен де, 19-орын – Қазақстанның қысқы Олимпиада тарихындағы екінші үздік көрсеткіші. Бұған дейін ел құрамасы 1994 жылы бір алтын, екі күміс медальмен 12-сатыға көтерілген еді. Кейінгі жылдары жүлделер сиреп кетті: 1998 жылы екі қола, 2010 жылы бір күміс, 2014 және 2018 жылдары бір-бір қоладан еншіледі. Ал 2022 жылғы ойындарда Қазақстан тіпті медальсіз қалған болатын.