homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

68 жастағы экс-шенеунік кәмелетке толмаған қызды зорлаған

23.02.2026, 17:12

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданында 68 жастағы бұрынғы шенеунік кәмелетке толмаған қызға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген айыппен тергеліп жатыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Зардап шеккен қыздың әкесінің айтуынша, күдікті оның қызын алдап үйіне кіргізіп, зорлаған. Күдікті өз кінәсін мойындаса да, полиция оны қамамай, жібере салған. Сондай-ақ, зардап шегуші тарап күдіктінің телефон арқылы қоқан-лоқы жасағанына шағымданды.

Шыңғырлау аудандық полиция бөлімі аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 120-бабы, 3-1-бөлігі, 1-тармағы («Кәмелетке толмаған адамды зорлау») бойынша қылмыстық іс қозғады.

Құқық қорғау органдары күдіктіні тек тергеу амалдары аяқталғаннан кейін ғана қамауға алатынын айтқан. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу жалғасуда. 

Іс Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынды.