homepage

Жаншылып қалған: «Майқайыңалтын» кенішінде жұмысшы қаза тапты

Juzmedia. kz
15.12.2024, 14:24

Мемлекеттік еңбек инспекциясы жөніндегі комитетінің Павлодар облыстық департаментіне 32 жастағы жұмысшының қаза тапқаны хабарланды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

ЖҮК КӨТЕРГІШ БАСЫП ҚАЛҒАН

Алдын ала мәлімет бойынша, «Майқайыңалтын» АҚ аумағында жұмысшыны жүк көтергіш жаншып қалған.

«Ер адам алған жарақаттарынан қайтыс болды. Қазір еңбек инспекторлары тексеру ұйымдастырып жатыр», - делінген хабарламада.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ

Полиция аталған оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті.

– Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізуші анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады, - деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың қаңтар айының басында «Майқайың» кенішінде құтқарушылар мінген автобус алып шұңқырға құлап кеткен болатын. Автобуста болған екі адамның денесі бір күнде табылса, тағы екі адамды іздеу жұмысы алты айға созылды. Жазда тағы екі жұмысшының мәйіті жер астынан шығарылды.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.