homepage
Фото: Tengrinews.kz

“Бақытты болыңдар”: Назарбаев АЭС құрылысына қатысты референдумда дауыс берді

06.10.2024, 06:06

Назарбаев «Астана Опера» театрындағы сайлау учаскесінде дауыс берді.

Ол “Қазір Қазақстанда тұрып жатырсыз ба?” деген журналистерге қарата “Сәлеметсіздер ме? Табысты болыңыздар, бақытты болыңыздар”, деп ишара білдірді. 

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша референдум басталды.

Негізгі дауыс беру бүгін, 6 қазанда сайлау учаскелерінде сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Сондай-ақ 80-нен астам учаске сағат 06:00-де жұмысын бастады. Республикада 10 мыңнан астам сайлау учаскелері бар. Ең алғашқы сайттар шетелде – Сеул мен Токиода ашылды.