Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Питер Фостерді қабылдап, Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе рейсін ашу мүмкіндігін талқылады, деп хабарлайды Ақорда.
Кездесуде авиация саласын дамыту мәселелері қаралды. Президент Питер Фостердің Air Astana компаниясын Еуразиядағы жетекші әуе тасымалдаушылардың біріне айналдыруға елеулі үлес қосқанын атап өтті.
Сондай-ақ әңгіме барысында алыс қашықтыққа ұшатын жаңа әуе кемелерін сатып алу жайы сөз болды. Бұл ұшақтар болашақта АҚШ бағыты бойынша тікелей рейстер орындауға мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысы отандық авиацияның бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажет екенін айтты.