«Халықаралық Түркістан әуежайы» акционерлік қоғамына 14,3 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің облыстық департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Тексеру кезінде әуежай өз мүмкіндігін пайдаланып, кәсіпкерлерден «біздің аумақта жанармай сатқың келсе, қосымша ақша төлейсің» деген талап қойғаны белгілі болды. Бұл төлем негізгі келісімде қарастырылмаған.
Агенттік мұны заңсыз әрекет деп танып, әуежайға 14,3 миллион теңге айыппұл салды.