Қостанай тұрғыны қаладағы супермаркеттердің бірінен тәттілер сатып алып, қаптамасын ашқанда ішінен жәндіктерді байқаған. Жүргізілген сараптама өнімнің шынымен бүлінгенін растады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Сотта талапкер сапасыз тәтті сатып алғаны үшін балаларының алдында өзін кінәлі сезінгенін айтып, супермаркеттен 2 млн теңге көлемінде өтемақы талап еткен. Дүкен өкілдері сауда сөресіндегі тауаржың сапасыз екенін мойындағанымен, 2 млн теңге көлеміндегі талаппен келіспеді. Олар 200 мың теңге төлеуді ұсынған.
Қорытындысында, сот өтемақы мөлшерін 250 мың теңге деп белгіледі.