Ақтөбе қалалық сотында әлеуметтік желілер арқылы онлайн-казино ашып, тікелей эфирде азаматтарды құмар ойындарға үгіттеген әйелге үкім оқылды. Ол 4 жылға бас бостандығынан айырылып және мүлкі тәркіленді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Ойыншылардан банк шоттарына түскен қаражаттың жалпы көлемі 52 млн теңгеден асқан. Сот отырысында әйел кінәсін ішінара мойындады. Алайда оның әрекеті куәгерлердің айғақтарымен, өзге де дәлелдермен толық расталған. Сотталушының кәмелетке толмаған балаларының барын ескеріп, оған жазасын 4 жылдан соң өтеуге мұрсат берді.
Бұған дейін Маңғыстау облысында да осыған ұқсас дерек тіркелген. Онлайн-казино арқылы дропперлердің шотына 3,1 млрд теңгеден астам қаражат түскені хабарланған еді.