homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Ресейде коронавирустың жаңа мутациясы тіркелді

23.02.2026, 12:09

Ресейде коронавирустың XFG деп аталатын жаңа мутациясы тіркелді деп хабарлайды Juzmedia.kz. Штамм елдің 85 өңіріне тарап үлгерген. Ауруханаға жатқызылған науқастардың 90 пайызынан осы нұсқа анықталған. Дәрігерлердің мәліметінше, XFG штаммы тез жұғады.

Негізгі белгілері – жөтел, дене қызуының көтерілуі және әлсіздік. Кей науқастардың тамағы қарлығып, дауысы шықпай қалған.