Алтынкөл – Қорғас торабындағы өткізу мүмкіндігі 2026 жылға қарай екі есеге жуық артады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Көлік министрлігінің мәліметінше, теміржол-шекара кешенінде жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Алтынкөл – Жетіген учаскесінде екі аралықта (32 шақырым) екінші жол салынып, бес жаңа және сегіз қолданыстағы айырма бекеті кеңейтілуде.
Ведомствоның хабарлауынша, осы шаралардың нәтижесінде желінің өткізу мүмкіндігі тәулігіне 18 пойыз жұбынан 33 пойыз жұбына дейін ұлғаяды. Жұмыстарды 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.