Талғар қаласына жаңа әкімі сайланады. Бұл орынға үш үміткер: Арыстанбек Әбілқайырұлы, Жәнібек Кәденов және Әлібек Рамазанов таласып жатыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Талғар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Дәулет Батталғазиевтің айтуынша, сайлау 26 сайлау учаскесінде сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін өтеді.
Талғар қаласында барлығы 42 774 сайлаушы тіркелген. Бастапқыда 9 адам ұсынылған болатын, оның жетеуі өзін-өзі ұсынса, біреуі «AMANAT» партиясынан, тағы бірі ҚХП атынан ұсынылды. Бұл ретте екі үміткер тіркеуден өткен жоқ, ал тағы төрт үміткер өз еркімен кандидатурасын алып тастады.
Нәтижесінде тұрғындар үш үміткердің бірін таңдауы керек:
Естеріңізге сала кетейік, Талғар қаласының бұрынғы әкімі Бақыт Күрішбеков, сондай-ақ оның орынбасары Матан Сағындық 16 жастағы Шерзат Полаттың өлімінен кейін 15 қазанда «қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін қызметінен алынған болатын.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.