Түркиядан аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген күдікке ілінген Қазақстан азаматы экстрадицияланды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Тергеу нұсқасына сәйкес, 2019–2020 жылдары күдікті Шымкент қаласының төрт тұрғынын алдап, ақшасы мен жер телімдерін иемденіп алған. Келтірілген шығын көлемі шамамен 95 млн теңге. Күдікті тергеуден жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған. Кейін ол Түркия аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрау салуы негізінде Қазақстанға қайтарылды.
Қазіргі уақытта ер адам тергеу изоляторына қамалды. Оның мүлкі тәркіленді, алаяқты 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы күтіп тұр.