homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Израиль Газаны тағы соққылады

23.02.2026, 10:07

Израиль Газа секторына қайтадан әуе соққыcын жасады. Өткен жылы 10 қазанда елдер арасында атысты тоқтату туралы келісім жасалғанына қарамастан Израиль жойқын соққыларын жалғастырып жатыр. Келісім күшіне енгелі бері израильдік шабуыл салдарынан 612 палестиналық қаза тауып, 1640 адам жараланған, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Анадолы агенттігінің мәліметінше, израильдік әскери ұшақтар Мысырмен шектесетін Рафах қаласының шығыс аудандарын атқылаған. Әскери техника Хан-Юнус қаласының шығыс бөлігіне оқ жаудырып, әскери-теңіз күштері жағалау аймағына шабуыл жасаған. Ал Газа қаласында бірнеше аудан бір мезетте әуе және артиллериялық соққыларға ұшыраған.

Израиль армиясының Газа секторына ауқымды шабуылдары 2023 жылғы 8 қазанда басталған. Екі жылға созылған қақтығыс барысында аймақтағы азаматтық инфрақұрылымның шамамен 90 пайызы жойылған.