Веронадағы көне «Арена ди Верона» амфитеатрында ХХV Қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтеді. Салтанат «Beauty in Action» шоуымен қорытындыланады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Дәстүр бойынша рәсімде қатысушы елдердің делегациялары шеру жасап, Олимпиада туы келесі ойындардың иесіне табысталады. Астана уақытымен 23:45-тен бастап тікелей эфирде Qazsport, Jibek Joly және Хабар телеарналары көрсетеді.
Бүгін сондай-ақ Италиядағы Олимпиада-2026 аясындағы соңғы жарыс күнінде Қазақстан құрамасы сынға түседі.
Ұлттық құрама шаңғы жарысынан әйелдер арасындағы 50 шақырымдық масс-стартта бақ сынайды. Жарыс жолына Надежда Степашкина мен Анна Мельник шығады. Басталуы – Қазақстан уақытымен 14:00.