homepage
Фото: Global Look Press/NASA/Aubrey Gemignani

NASA «Артемида-2» миссиясын кейінге қалдырды

22.02.2026, 13:29

АҚШ-тың Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасы Айға бағытталған «Орион» кемесінің ұшырылуын белгісіз мерзімге шегерді. Миссия 2026 жылдың наурызына жоспарланған еді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

NASA мәліметінше, инженерлер Space Launch System зымыран тасығышының аралық криогендік қозғалтқыш сатысынан гелий беру жүйесіндегі ақауды анықтаған. Осыған байланысты зымыран құрастыру цехына кері қайтарылады.

«Бұл наурыз айындағы ұшыру терезесіне әсер етеді», – деді NASA басшысы Джаред Айзекман.

Ол жаңа ұшыру күнін атамады.

«Артемида-2» – АҚШ-тың жаңа ай бағдарламасының екінші кезеңі. Төрт астронавт 10 күн ішінде Айды айналып ұшып, Жерге оралуы тиіс. Бағдарламаның алғашқы кезеңі – «Артемида-1» 2022 жылы ұшқышсыз режимде сәтті аяқталған. Ал «Артемида-3» аясында 50 жылдан астам уақыттан кейін алғаш рет адамдарды Ай бетіне қондыру жоспарланып отыр.