homepage
Фото: видеодан алынған кадр

Джеки Чан Шайдоровты құттықтады

22.02.2026, 12:11

Михаил Шайдоров Миландағы қысқы Олимпиада ойындарының гала-кешінде «Кунг-фу Панда» образымен өнер көрсетті. Ауыр костюмге қарамастан бірнеше күрделі секіруді сәтті орындады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Өнерінен кейін спортшыны мұз айдыны жиегінде Джеки Чан қарсы алып, қолына ойыншық панда ұстап құттықтады. Бұған дейін Шайдоров Snoop Doggпен де кездескен. Ол осы Олимпиадада Қазақстан тарихындағы мәнерлеп сырғанаудан алғашқы алтынды жеңіп алған еді.