homepage
фото: ашық дереккөзден

Аяз қайта күшіне мінеді

22.02.2026, 02:05

Ақпанның соңғы онкүндігінде қар жауып, аяз көтеріледі. 23 ақпаннан бастап солтүстік-батыста, 24 ақпаннан бастап солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде ауа температурасының күрт төмендеуі мүмкін. Кей жерлерде 25-37 градусқа дейін аяз болуы ықтимал, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Оңтүстік облыстарда жауын-шашын жауады. Сондай-ақ, кей өңірлерде екпінді жел күшейіп, боран соғады, көктайғақ болып, тұман түседі.