Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы Геннадий Головкин Италияда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындары аясында Джеки Чанмен кездесіп, сый-сияпат көрсетті, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Геннадий Головкин танымал актермен әңгімелесіп, құрмет ретінде оған қазақтың ұлттық шапанын жауып, тақия сыйға тартты. “Біздің дәуірдің аңызы – Джеки Чанмен кездесу”, - деп жазды Головкин Instagram-дағы парақшасында.
Айта кетейік, 71 жастағы Джеки Чан 2025 жылдың 22 желтоқсанында Италияның Помпей қаласында өткен Милан-Кортина-д'Ампеццо қысқы Олимпиада ойындарының алау эстафетасына қатысқан болатын.