homepage
Фото: видеодан алынған кадр

Ресейдің әскери ұшағы Атырауға апатты жағдайда қонды

21.02.2026, 13:00

Ресейдің Су-30 әскери ұшағы 20 ақпан күні таңертең Атырау қаласындағы Х.Доспанова атындағы халықаралық әуежайға апатты жағдайда қонды. Ұшқыш бағытынан жаңылып, шұғыл шешім қабылдаған, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ұшақты 1986 жылы туған, Башқұртстан Республикасының Белорецк қаласының тумасы Дмитрий Нифантьев басқарған. Әуе кемесі Каспий теңізі үстінде әскери оқу-жаттығу тапсырмасын орындауы тиіс болған. Алайда ұшу барысында бағдарын жоғалтып алған. 

Осыған байланысты экипаж Атырау әуежайына шұғыл қону туралы шешім қабылдаған. Әуежай өкілдерінің мәліметінше, қону қалыпты режимде өткен. Жолаушыларға да, әуежай қызметіне де қауіп төнбеген. Тұрақты рейстер өз кестесі бойынша орындалған.

Ұшақ әуежайда қысқа уақыт аялдап, ұшқышқа медициналық көмек көрсетілген. Қажетті рәсімдер мен келісімдер аяқталған соң, әуе кемесі Қазақстан аумағынан шығып, Ресейге кері ұшып кетті.