World Boxing Organization орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мелдонийге тапсырған допинг-сынағы оң нәтиже көрсеткені үшін бір жылға дисквалификациялады. Алайда оның чемпиондық титулы өзінде қалады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
15 қарашада алынған сынамаға оң нәтиже көрсеткен болатын. Тексеруді Voluntary Anti-Doping Association жүргізген. Мелдоний 2016 жылдан бері World Anti-Doping Agency тыйым салған заттар тізімінде.
Дисквалификация 2025 жылғы 2 желтоқсаннан басталады. Осы уақыт ішінде боксшы ешқандай жекпе-жекке қатыса алмайды. WBO уақытша чемпиондық белбеу үшін бөлек айқас өткізуге рұқсат берді.