homepage
Фото: unicef.org

Екпе алмаған балалар оқымайды

21.02.2026, 11:36

Елдегі бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, қызылша анықталған жағдайда екпе алмаған балалар мектеп пен балабақшаға уақытша жіберілмейді. Шешім 19 ақпаннан бастап күшіне енді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бас санитарлық дәрігер Сархат Бейсенованың айтуынша, бұл – мәжбүрлі шара. Қазір қызылша дерті елдің 9 өңірінде өршіп тұр. Жыл басынан бері 3300-ден аса жағдай тіркелген.

Ресми дерекке сүйенсек, науқастардың шамамен 80 пайызы вакцина алмағандар. Ауру әсіресе 6 жасқа дейінгі балалар арасында тез тараған. 

Осыған байланысты, қызылша тіркелген білім беру ұйымдарында екпесі жоқ оқушыларды ұжымнан уақытша оқшаулау туралы шешім қабылданды. Санитарлық қызмет бұл талап індеттің одан әрі таралуын шектеу үшін қажет екенін мәлімдеді.